«Әйгілі Әзаға» жинағына Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, қазақтың біртуар перзенті Әзілхан Нұршайықов туралы 72 автордың естеліктері, эсселер мен Әзағаңа арнап жазылған өлеңдер кірді. Авторлар арасында Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Н. Оразалин, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ғ. Есім, профессор, филология ғылымдарының докторы Т. Кәкішев, Қазақстанның халық жазушылары Қ. Жұмаділов пен Ә. Тарази, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов, Нұртай Сәбильянов, Бақытбек Смағұл, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы Ә. Ыдырысов пен белгілі ақын М. Рәш және Қазақстанның басқа да көрнекті қаламгерлері бар. Әрқайсысы асыл ағаның жұрт біле бермейтін тың деректерін көркем тілмен мөлдірете жазған.
Құрастырушы: белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Мұратбек Тоқтағазин. «Фолиант» баспасы, 2012 жыл.