«Махабат жаршысы» Ә.Нұршайықов - 100 Жаста!
2022 жылдың 16 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына орай авторды еске алуға арналған дөңгелек үстел (әдеби кеш) өткізді. Әл-Фараби кітапханасының мәжіліс залы лық толды: профессорлар, студенттер, кітапхана қызметкерлері өздерінің сүйікті жазушысы туралы сыр тыңдауға келді.
Жазушы туралы құттықтап, жылы лебізін білдіргендержің арасында филология факультетінің деканы, ф.ғ.д, профессор Б.У. Жолдасбекова, ф.ғ.д. профессор Е.Д. Сүлейменова, журналистика факультетінің деканы Н.Қ. Қуантаев, педагогика ғылымдарының докторы Профессор С.Б. Бегалиев болды.
Профессор Ж.А. Нұршайықова жиналғандарды Әзілхан мен Халиманың, оның ата-анасының отбасы тарихы туралы баяндамасымен таныстырды. Доцент С.А. Тұрбекова шәкірттерімен «Махаббат қызық мол жылдар» романы: кешегі және бүгінгі махаббат» туралы әңгіме өткізді. Ауған соғысының ардагері Қожахмет Прмашев «Махаббат қызық мол жылдар» романының Ауған соғысындағы жүріп өткен жолы туралы мұңды әңгіме айтып, авторға романының бірнеше қанды беттерін әкелгені түралы сыр шертті. Доцент Г.А. Мұсаева Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сержант Ә.Нұршайықовтың «Абай жолы» романын қолтығында ұстап аңайынды әскрелерге оқып жүргені туралы, кейін сол кітаптың нұсқасын М.Әуезовтің өзіне сыйға тартқанытуралы баяндап, параллельдік ой жүргізді. Доцент Г.А. Мұсаева «Халық жазушысы Ә.Нұршайықовты еске алу туралы бір сөз» презентациясын өткізіп, онда автордың жанұясы жыл сайын Мемлекеттік кітапханада өткізілетін Ә.Нұршайықов атындағы стипендияға 10 жылдық шығармашылық байқауы туралы айтты.
Кеш соңы фотосессияға түсіп, әріптестер мен студенттердің құттықтауларымен аяқталды. Филология факультетінің деканы мен әріптестері Ә.Нұршайықовтың қызына сый-сияпат жасап, әкесін еске алу үшін байқаулар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер өткізіп, қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.