Қазақ халқының сүйікті жазушысы Әзілхан Нұршайықов 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. 1941 – 1945 жылдары — Ұлы Отан соғысына қатысты. 1953–1979 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газеті, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеті, Павлодар облысы “Қызыл ту” газеті, республикалық “Қазақ әдебиеті” газеті, Қазақ Совет энциклопедиясы, Қазақстан Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарған.
Қаламгердің қаламынан туған «Махаббат жыры», «Тоғыз толғау», «Автопортрет», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Екі естелік», «Жамбылға хат», «Менің замандастарым», «Қаламгер және оның достары», «Мәңгілік махаббат жыры» сияқты кітаптары оқырман қауым мен сыншылардан жоғары бағасын алған.