Skip to main content

Әзілхан Нұршайықов

Ресми сайты


«Әзілхан – біздің республикамыздағы, үлкен одақ көлеміндегі жақсы танылған прозаиктеріміздің бірі. Әзілханның әрбір кітабы, баспадан шыққан әрбір сөзі – біздің халықтың көңіліне, жүрегіне қонып жатқан сөздер, ұялап қалған ойлар» - Ғабит Мүсірепов

Әзілхан Нұршайықов
Әзілхан Нұршайықов

Қазақстанның
халық жазушысы


Қазақ халқының сүйікті жазушысы Әзілхан Нұршайықов 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.  Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. 1941 – 1945 жылдары — Ұлы Отан соғысына қатысты. 1953–1979 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газеті, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеті, Павлодар облысы “Қызыл ту” газеті, республикалық “Қазақ әдебиеті” газеті, Қазақ Совет энциклопедиясы, Қазақстан Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарған.

Қаламгердің қаламынан туған «Махаббат жыры», «Тоғыз толғау», «Автопортрет», «Ма­хаб­бат, қызық мол жыл­дар», «Ақи­қат пен аңыз», «Екі естелік», «Жамбылға хат», «Менің заман­даста­рым», «Қаламгер және он­ың достары», «Мәңгілік махаббат жыры» сияқты кі­таптары оқырман қауым мен сыншы­лар­дан жоғары бағасын алған.

Жазушысы

Әзілхан Нұршайықов
100 жаста!


2022 жылдың 15 желтоқсан күні Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толды. Жазушы мерейтойына арналған іс-шаралар легі көктемде Алматыдағы Ұлттық кітапханада басталып,  шілде айында Семейдің Жарма өңірінде жерлестер тойына ұласты. Қаламгер ерекше сүйген Павлодар мен Өскеменнің қауымы да шет қалмай, Әз-ағаның есіміне тағзым етіп, арнайы дөңгелек үстел мен кездесу өткізді. Еуразия ұлттық университеті Әзілхан Нұршайықовтың құрметіне арнап ұйымдастырған ғылыми конференция елдің көрнекті ғалымдары мен журналистика мамандарының басын қосты.

Ал жыл аяғында мерейтой Алматыға қайтып оралып, М. Әуезов атындағы Қазақ драма театры мен Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар театрында салтанат құрды. Жазушы есіміне қошемет көрсеткен Әз-ағаның шәкірттері мен қаламдас бауырларына, жерлестері мен жаңа буын оқырмандарына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жазушысы
Әзілхан Нұршайықов

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz