Skip to main content

Қайсар Әлім: Әзағаңның Қалбатауында («Егемен Қазақстан» газеті)


| Жаңалықтар

Әзағаң өзінің Қалбатауына қанына біткен қарапайымдылығынан да сан есе кішірейіп, аласарып, аңғалданып, сәбише арсалаңдап келіп кетуші еді-ау. Бұл жолы өзі жоқ, сандаған көзі – оқырмандары бар еді.

Алматыдан әдейі келіп ата-баба рухына тағзым етіп, ас беріп Құран хатым түсірту қамын күйттеген ұлы Жаннұр, келіні Ғалия бастаған ұрпақтарының – немерелері мен шөберелерінің бұл тағзым ғұрпына сүйсінген жергілікті басшылар өз тараптарынан жөппелдемеде ойластырылған жедеғабыл ілкімді іс-шараларымен желпінтіп әкете қойғанына қалайша сүйсінбессің.

Мұндай іңкәрлік сезім өздерінің тума талантына көрсетілген қошемет, ықылас екендігі сезіліп, дүйім жұрттың қолдау, қолпаштауына ұласып кете барғаны қандай жарасты еді, ауыл бірлігінің айшықты берекесі еді.

Толық мәтін https://egemen.kz/article/319234-azaghanhnynh-qalbatauynda

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz