Skip to main content

Бұқар Жырау Музейі


| Жаңалықтар

Бүгін Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен Достық үйінің Мәжіліс залында Жазушы-журналист, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиеті мен журналистикасында алар орны ерекше Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Өмір жолы» атты дөңгелек үстел мен бірегей көрменің ашылуы өтті.

Шара барысында зиялы қауым өкілдері ақын, Торайғыров Универистетінің журналистика  кафедрасының профессоры С.Т.Елікбай, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғ.С.Жұматов, Торайғыров университетінің профессоры А.Қ.Тұрышев, «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы Н.Қ.Жайықбаев және Торайғыров университетінің ғылыми хатшысы А.П.Шахарман сөз сөйлеп, жазушы туралы көптенен мағлұматтармен бөлісті.

Айтыскер ақын Мизан Жұманәлі  жазушыға жырдан шашу шашып,  дәстүрлі әнші Д.Сләмғали Абай әндерін орындады.

Толық мәтін: facebook.com

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz