Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше көшеге танымал тұлғалардың есімі берілді. Бұл туралы қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп хабарлады. Қала әкімдігінің қаулысы мен қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес Е11 көшеге – Әзілхан Нұршайықовтың есімі берілді.
Әзілхан Нұршайықовтың есімі бұдан бұрын Алматы және Семей қалалары, Шығыс Қазақстан облысының Бірлік ауылындағы көшелеріне берілген болатын.