Skip to main content

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел


| Жаңалықтар

31 қазан 2012 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

«Әдебиет пен көркем публицистиканың көрнекті өкілі» атты дөңгелек үстелді М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филол.ғ.д. Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы ашты. Филол.ғ.д. Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы «Еліне із қалдырған елеулі тұлға» атты баяндама жасады. Сөйлеушілердің арасында филол.ғ.д.

Елеукенов Шерниаздан Рүстемұлы, филол.ғ.к.Серікқазы Қорабай, филол.ғ.к. Рахымжанов Келіс болды. Дөңгелек үстелге сонымен қатар  жазушының үлкен қызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филол.ғ.д. Нұршайықова Жанар Әзілханқызы мен немересі Жансағымова Дина Жаннұрқызы қатысып сөз сөйледі.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz