Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың студенттер өмірі мен ғашықтар туралы шығармасы «Махаббат, қызық мол жылдар» Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. Спектакль режиссеры — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали. Қойылымның композиторы — Ербол Нариманұлы, қоюшы-суретшісі — Айдана Бисембаева. Биін қойған хореограф — Шырын Мұстафина, ал хормейстер — Ғалымжан Берекешов.
Қойылымда Ербол ролінде Дархан Сүлейменов, ал Меңтай болып Гүлбаһрам Байбосынова ойнады. Спектакль сюжеті шығармадағы негізгі оқиғалармен үндес. Тек режиссер кейбір оқиғаны бүгінгі жағдаймен ұштастырған, өзінше ой-шешімін ұсынған. Режиссер бұл қойылымның алғашқы сахналық нұсқасын осыдан бес жыл бұрын жасапты. Қанша уақыт ойда пісіп жүріп, биыл көрерменге ұсынылып отыр. Ал жалпы шығармашылық топ спектакльге 4 ай дайындалған.
Фархад Молдағалидің айтуынша, үлкен шығарманы тұтас қойылымға айналдыру қиын болды. Дегенмен шығармашылық топ қойылымды автор Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арнады.
Толық мәтін
https://baribar.kz/159365/mahabbat-qyzyq-mol-zhyldar-spektakli-koerermenge-zhol-tartty/
https://www.youtube.com/watch?v=Lsu5uDaN8BQ
