2013 жылы 11-18 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы ұстаздары Ә.Нұршайықовтың 90-жылдығы және университеттің "100 кітап" жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың шығармашылығы бойынша "Үздік көркем эссе" байқауын ұйымдастырды.
Сонымен қатар Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындары ұстаздары мен студенттері арасында жазушы шығармашылығы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Осы игі бастаманы дәстүрге айналдырған Әз-ағаның ұрпақтары ЖОО білім беру факультетінің ғылыми кеңесі "ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы жыл сайын берілетін стипендия" тағайындалуына мұрындық болды. Бұл стипендиялар білім ордасының ғылыми кеңесінде салтанатты түрде тапсырылды.
Бәйге қорытындысы:
- I-орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультетінің тыңдарманы Есімхан Жақи,
- II-орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультетінің тыңдарманы Арман Әділбек
- III-орын - ҚазМемҚызПУ студенті Бақыт Шамшадинова
Жүлделі орындардан тыс байқауға қатысқан сайыскерлерге ынталандыру ретінде жазушының кітаптары табыс етілді.