Қарымды қаламгер, майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың романы желісімен түсірілген "Махаббат, қызық мол жылдар" телехикаясы Қазақстан Ұлттық телеарнасының экранынан наурыз айының 9 жұлдызы бастап көрерменге жол тартпақ. 20 бөлімді телехикая Ұлттық арнадан бүгіннен бастап дүйсенбі-жұма аралығында 21:30-да эфирге шығады.
Аға буынның жастығының астына жастана жатып оқыған, бір ұрпақты адал махаббатқа, шынайы достық пен сертке беріктікке тәрбиелеген, аты аңызға айналған романды енді көгілдір экран арқылы тамашалай аласыздар! Наурыз айында, көктемнің алғашқы айында пәк махаббат пен адал достықты насихаттайтын рухани құнды дүние назарларыңызға ұсынылмақ.
Телесериал түсіру жұмыстары былтыр, “Махаббат, қызық мол жылдар” кітабының шыққанына елу жыл толғанда, қолға алынып еді. Енді міне әкеміздің 2022 жылы келе жатқан 100-жылдық мерейтойының қарсаңында телехикаяның өзі шығып отыр.
Нұршайықовтар әулеті «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясын түсірген MG Production Plus Кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Маликовқа, режиссёрі Құнарова Маринаға және тапсырыс беруші QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы және Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай ханымға шексіз алғысын айтады.