Skip to main content

«Оқымысты трамвай» акциясы


| Жаңалықтар

Акцияның мақсаты қала мен облыс тұрғындарына қазақстандық жерлес жазушылар туралы ақпарат беру.

Бұл үшін №3 трамвай маршруты таңдалынып алынды. Кірген жолаушылар бірден мерекелік ортаға тап болды: түрлі-түстішарлар, жерлес жазушылар Әди Шәріпов пен Әзілхан Нұршайықовтың портреттері, олардың өмірбаяндары және шығармашылықтары таныстыратын үн парақтар, олар жазған кітаптар.
Мұны жолаушылардың әрқайсысы әр қалай «қабылдады». Біреулер таңырқай қараса, жазушылар мен олардың шығармаларын білетін басқа жолаушылар біздің қызметкерлермен сұхбаттасуға көшті. Бүлдіршіндерді балаларға арналған кітаптар толтырылған вагондары бар әдемі безендірілген «Кітапханалық паровоз» қатты қызықтырды.

Жолаушыларға сонымен қоса, кітапхана туралы мәлеметтер беріліп, үн парақтар таратылды.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz