Skip to main content

Байқау - 2013

2013 жылы 11-18 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы ұстаздары Ә.Нұршайықовтың 90-жылдығы және университеттің "100 кітап" жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың шығармашылығы бойынша "Үздік көркем эссе" байқауын ұйымдастырды.

Осы игі бастаманы дәстүрге айналдырған Әз-ағаның ұрпақтары ЖОО білім беру факультетінің ғылыми кеңесі "ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы жыл сайын берілетін стипендия" тағайындалуына мұрындық болды. Бұл стипендиялар білім ордасының ғылыми кеңесінде салтанатты түрде тапсырылды.

Бәйге қорытындысы:
  • I-орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультетінің тыңдарманы Есімхан Жақи,
  • II-орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ЖОО білім беру факультетінің тыңдарманы Арман Әділбек
  • III-орын - ҚазМемҚызПУ студенті Бақыт Шамшадинова

Жүлделі орындардан тыс байқауға қатысқан сайыскерлерге ынталандыру ретінде жазушының кітаптары табыс етілді.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz