Skip to main content

Байқау - 2014

Байқау - 2014

2014 жылы 10 желтоқсан күні дарынды жас қаламгерлердің арасында көркем сөзге байқау өтіп, жеңімпаздарға ҚР Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов атындағы жыл сайын берілетін стипендия тапсырылды.

Бұл байқау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «100 кітап» жобасы аясында ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен болып отыр.

2014 жылғы байқауға 52 үміткер барлығы 115-ке жуық шығармаларын жіберді. Оның ішінде тек орыс тілінде 5 автор, ал екі автор қазақ және орыс тілдерінде жіберді. Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың С. Демирель университетінің,  Халықаралық ІТ университетінің, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ҚызПУ, «Қайнар» университеті, Астанадан Гумилев атындағы университеттің, Атырау қаласынан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, «Авимед» колледждің, Ы. Алтынсарин мектебінің, Алматы қаласы 123-мектептің,  «Келешек» мектептің, Талғар қаласынан 24-орта мектептің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың бейіндік мектебінің жастары қатысты.

Қазақ тіліндегі шығармалардың жүлдегерлері:
  • 1-орын - Жорабай Темірлан Сейітқасымұлы, С. Демирель университетінің филология және педагогика ғылымдары факультетінің студенті
  • 2-орын - Қарлыға Темірғали, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті
  • 3-орын - Кенжеқожаева Ақбота, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті

«Жас қаламгер» номинациясы:
Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың 9–сынып оқушысы Өмірбек Мадина және Алматы қаласы №123 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Қылышбай Айбала

«Жас ақын» номинациясы:
әл-Фараби атындағы ҚазҰУды Бейіндік мектебінің оқушысы Мәкенов Әділ Саматұлына.

«Ә. Нұршайықовтың шығармашылығы туралы әдеби сын» номинациясы:
Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Салтанат Әліпбекова және Жібек Рахым.

Ынталандыру сыйлығы:
  • Алпамыс Файзолла, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 3-курс студенті.
  • Зейноллақызы Мереке, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенті
  • Балқымбаева Айдана, С. Демирель университетінің студенті.
  • Әділхан Айзада Мейіржанқызы,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бейіндік мектебінің оқушысы.
Орыс тіліндегі шығармалар бойынша:
  • Үздік жазылған шығарма -  Рысбеков Әділхан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Үздік прозалық шығарма - Кайл Фаррел, АҚШ азаматы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz