Skip to main content

Байқау - 2017

Қазақстанның Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың 95 жылдық мерейтойына орай 16.11.2017 ҚР Ұлттық кітапханасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушылары биыл бесінші рет Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін студент жастар мен жоғары сынып оқушылар арасында «Адам және әлем» атты жастардың жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқауының қорытындысын шығарды. Биыл байқауға еліміздің 8 облысынан 82 сайыскер 43 прозалық, 89 поэзиялық шығармамен қатысты.

Байқау қорытындысы:

Прозалық шығармалар бойынша жүлделі орындар:
  • 1-орын бас жүлдені жеңіп алған жүлдегер Диплом және 50 000 т. ақшалай сыйлық - «ШИЕ» әңгімесімен Кенжеқожаева Ақбота – Демирель университетінің 1-курс магистранты.
  • 2- орын Диплом және 40 000 т. ақшалай сыйлық – Әлхан Света «Ескі асхана» атты әңгімесімен, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті
  • 3-орын жүлдегері І дәрежелі диплом мен 30 000 теңге сыйақы- «Серт» атты әңгімесімен Елдос Тоқтарбай, Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенті.
Поэзиялық шығармалар бойынша жүлделі орындар:
  • 1-орын бас жүлдені жеңіп алған жүлдегер Диплом және 50 000 т. ақшалай сыйлық «Шабыт» Уәлибекова Ділда. Астана қаласы, Гумилев атындағы Еуразия университетінің 2 курс студенті.
  • 2-орын жүлдегері. Диплом және 40 000 т. ақшалай сыйлық Махаббат Жарбосина (Қыр қызы) –– Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт студенті
  • 3-орын жүлдегері. Диплом және 30 000 т. ақшалай сыйлық «Шыт» Данагүл Мәденқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті.
Орыс тіліндегі шығармалар бойынша жүлдегерлер:

Жеңімпаз – Темирсеит Амир Темирулы. Эссе - "Человек - это звучит гордо" Стихотворение - "Пока живой..." атты шығармаларымен. 12-гимназия школа им. Ш. Уалиханова.

«Жас қаламгер» номинациясының жеңімпаздары:
  • Райымбеков Самат Жандосұлы. Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенті. Жүрек мұздай қатқанда
  • Әділова Гүлсара Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университет студенті - «Білімге деген құмарлық аяққа тұрғызды» атты әңгімесімен.
  • Рақымғалиева Аружан Омарқызы. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті «Айша» және «Жанарым менің» әңгімелерімен.
«Жас ақын» номинациясына ие болған қаламгерлер:
  • Дәулетәлі Ермахан – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті.
  • Жәлелов Дәулет – Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Ақжігіт Амангелді – Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Сәдуақас Ерасыл – Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Бірімжанова Әйгерім Негметжанқызы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты.
  • Қарлығаш Хавай – Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Тұрсынбек Әбдіразақ 2– Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Қайсар Тауұлан Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 1- курс
  • Қапиетов Қасиет– Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Мерсадықов Алтынбек – Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Мұхтарова Динара. Қызылорда қаласы М. Мәметов атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті «Күз»
  • Дұриханов Ерназ– Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
  • Мақатова Аягөз –– Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт студенті
  • Серік Салтанат – Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикалық университет студенті.
  • Төлеутай Еламан – Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 1- курс
  • Назар Бекарыс – Қызылорда қаласы М. Мәметов атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті

Үздік шығармалар кафедрада екі тілде шығатын «Дайджест педогагогических новаций» атты журналында жарияланды.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz