Skip to main content

Байқау - 2016

Байқау - 2016

2016 жылдың 14 желтоқсанында ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында филология ғылымдарының докторы профессор Нұршайықова Жанар Әзілханқызының бастамасымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушылары Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін студент жастар мен жоғары сынып оқушылар арасында «Адам және әлем» атты жастардың жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқауының қорытындысын шығарып, шағын әдеби жыр кешін өткізді.

Жыл сайын байқауымыз университетіміздің «100 кітап» жобасы аясында жүргізіледі және де биыл 5 жыл болып отырған байқауымыз ҚР Ұлттық кітапханасында өткізіліп отыр. Оның себебі үстіміздегі жылы 18 қарашада осы қазыналы қор орынында ҚР Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа арналған мемориалды кабинет ашылған болатын. Осыған орай кітапхана басшылығы біздің мәдени шарамызды кітапхананың Кітапханатану залында өткізуге ұсыныс жасады. Бұл шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов Тұрарұлы сөз сөйлеп ашып берді. Кітапхананың «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі Жаркналова Мадина Баяновна да үстіміздегі 18 қарашада Ұлттық кітапханада ашылған Ә. Нұршайықовтың мемориалды кабинеті туралы сөз кезегін жалғады.

Биыл байқауға еліміздің 5 облыс 13 қаласынан 76 сайыскер 67 прозалық, 142 поэзиялық шығармамен қатысты. Нәтижесінде 6 қазақ тіліндегі, 2 орыс тіліндегі ең жүйрік шығарма таңдап алынды. Сондай-ақ жүлделі орыннан басқа «Жас ақын», «Жас қаламгер» номинацияларына үздік шығармалар таңдап алынды.

Прозалық шығармалар бойынша жүлделі орындар:
  • 1-орын. Бақыткелді Думан – диплом және 50 000 теңге ақшалай сыйлық. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • 2-орын. Әжіғалиева Анар – диплом және 40 000 теңге ақшалай сыйлық. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • 3-орын. Айдархан Еңлік Оралғалықызы – диплом және 30 000 теңге ақшалай сыйлық. Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
Поэзиялық шығармалар бойынша жүлделі орындар:
  • 1-орын. Әлия Іңкәрбек – диплом және 50 000 т. ақшалай сыйлық. Сулейман Демирель атындағы Қазақ-түрік университеті, 2-курс студенті
  • 2-орын. Асыр Данагүл Бақытқызы – диплом және 40 000 т. ақшалай сыйлық. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі.
  • 3-орын. Нұрбол Мұратбек – диплом және 30 000 т. ақшалай сыйлық. Абай атындағы ҚазҰПУ.
Орыс тіліндегі шығармалар бойынша жүлдегерлер:
  • 1-орын. Қайырлы Данагүл Қайырлықызы – диплом және 50 000 теңге ақшалай сыйлық. Атырау облысы Исатай ауданы Исатай атындағы орта мектеп.
  • 2-орын. Байбосынов Арман Абильсеитович – диплом және 50 000 теңге ақшалай сыйлық. Астана НУО "Экономический лицей"
«Жас қаламгер» номинациясының жеңімпаздары:
  • Сәкен Сматұлы – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
  • Әлхан Света Төлендіқызы - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Есімбай Әділхан - Алматы Технологиялық университеті
  • Атабай Қуанышұлы - Гумилев атындағы Еуразия университеті
  • Жалел Бауыржан - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
  • Қабдрашитов Ерден Темірбек - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
«Жас ақын» номинациясына ие болған қаламгерлер:
  • Досмұхаммедова Амангүл - Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлі мемлекеттік университеті
  • Салтанат Жарас – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті
  • Құрбанәлі Амангелді - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универсиеті
  • Тұрсынәлі Серікбол - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті
  • Макешова Адель Қанатқызы - Павлодар облысы Ж.Аймауытов атындағы мектеп
  • Қасымбекова Нәзира - Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті
  • Әділбек Гүлден - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Нұрлан Абдикаримов - Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті
  • Уәлибекова Ділдә - Гумилев атындағы Еуразия университеті
  • Сауытбек Расул - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледж
  • Ақбота Тілеужан - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Бейіндік лицейі

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz