Skip to main content

Байқау - 2015

Байқау - 2015

Қазақстан Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін  «Адам және әлем» атты жастар арасында жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқаудың қорытындысы 2015 жылғы бұл шығармашылық байқауға барлығы 90 үміткер 200-ден аса шығарма қазақ тілінде, 18 шығарма орыс тілінде жазған шығармаларымен қатысты. Биылғы сайысқа Қазақстанның 8 облысының 14 жоғары оқу орнының – 72 студенті, 3 колледж студенті мен 6  орта мектептен 15 оқушы қатысты. Атап айтқанда Қостанай, Астана, Павлодар, Қызылорда, Семей, Кентау, Қарағанды, Алматы қалалары және Алматы облысынан жас қаламгерлер өз туындыларын жарысқа салды. Сараптама нәтижесінде проза мен поэзия жанрында жазылған үздік еңбектер тағайындалған стипендия мен дипломдармен марапатталды.

Орыс тілінде жазылған шығармалардың ішінен
  • Намед Әсел Мұқанқызы (Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті). – диплом және 30 000 теңге  ақшалай сыйлықпен  прозалық шығармасы үшін марапатталды.
  • Айткен Алдияр Қаршығаұлы (Экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті) – диплом және 30 000 теңге  ақшалай сыйлықпен поэзия жанрындағы шығармасы үшін марапатталды.
  • Қазақ тілінде жазылған шығармалар бойынша жүлдегерлер тізімі.
Прозалық шығармалар:
  • 1-орын – Қастер Әкизаұлы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті, 2- курс магистранты дипломмен және 50 000 теңге ақшалай сыйлықты;
  • 2-орын жүлдегері – Нұрболат Досжан. ҚазҰУ, журналистика 4-курс  студенті. Диплом және 40 000 т. ақшалай сыйлықты;
  • 3-орын –  Ерболатова Гүлім Ерболатқызы. Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы, 2 курс. Диплом және 30 000 т. ақшалай сыйлықты жеңіп алды.
Поэзия жанры бойынша:
  • 1-орын – Алтынбек Ибрагимов. С. Демирель университеті 4-курс студенті. Диплом және 50 000 т. ақшалай сыйлықпен;
  • 2-орын жүлдегері – Зейноллақызы Мереке. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, флология факультеті.  Диплом және 40 000 т. ақшалай сыйлықпен;
  • 3-орын жүлдегері – Алпамыс Файзолла. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , журналистика факультеті. Диплом және 30 000 т. ақшалай сыйлықпен марапатталды.   
Номинация иегерлері.
«Жас қаламгер» атты сертификат пен Ә. Нұршайықовтың шығармалар жинағын алған жүлдегерлер.
  • Мадиев Жандәурен – С. Демирель университетінің студенті
  • Бақыткелді Думан – Астана қ. Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенті.
«Жас ақын» атты сертификат пен Ә. Нұршайықовтың шығармалар жинағын алған жүлдегерлер.
  • Жалелов Дәулет –  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.
  • Әлия Іңкәрбек – С. Демирель университетінің студенті.
  • Ахмади  Ахмет  Құрметұлы – С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік университетінің студенті.
  • Өскенбай Жансая Мәнбайқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Бейіндік Мектебінің оқушысы.
  • Бекзат Тұңғиық – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің студенті.

Өзге сайыскерлер байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz